«Спутник V» вакцинасын алған Армения азаматтарында оқыс салдары тіркелген жоқ. Бұл туралы Армения Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталықтың инфекциялық емес аурулар және нозокомиалды инфекциялар эпидемиологиясы бөлімінің бастығы Ромелла Абовян айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Армения бұған дейін Ресейден Спутник V вакцинасының сынақ партиясын (2 мың доза) алды. Вакцинаны азаматтардың шағын тобы – медицина қызметкерлері мен қатер тобындағы 600 адам алған болатын.
Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі Спутник V вакцинасын қолданудың күтпеген салдары тіркелмегенін айтты.
Армения азаматтары COVID-19-ға қарсы вакцинаны өз еріктерімен алады. Бұған дейін Арменияға «Спутник V» вакцинасының сынақ партиясы, ал 28 наурызда Covax Facility бастамасы аясында сатып алынған Astra Zeneca вакцинасының алғашқы партиясы (24 мың доза) жеткізілді. Ел азаматтарын вакциналау кезінде басымдық қатер топтарына беріледі: медицина қызметкерлеріне, 65 жастан асқан адамдарға, созылмалы аурулары бар 16 жастан 64 жасқа дейінгі пациенттерге, қарт адамдарға күтім жасау орталықтарының тұрғындарына және қызметкерлеріне.