28 қаз, 2019 сағат 11:53

Аргентинада жаңа президент сайланды

Оппозициялық үміткер Альберто Фернандес Аргентина президентті болып сайланды, деп хабарлайды BBC News.

47,29% дауысын жинаған Альберто Фернандес правоцентристік күштердің өкілі, елдің қазіргі президенті Маурисио Макриден оза түсті. Сайлау барысында Макриге 41,30% дауыс берілген.

BBC News мәліметінше, сайлау күрделі экономикалық дағдарыс жағдайында өткен. Агенттіктің мәліметінше, Аргентина халқының үштен бір бөлігі кедейлік шегіне шығып отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Альберто Фернандес жақтаушыларына бұрынғы президентпен жан-жақты ынтымақтастықта болатынын атап өтті.

Президент Макри «нөлдік кедейлікке» қол жеткізуге уәде бергенмен, ол елді басқарған төрт жыл ішінде жағдай одан сайын нашарлап кеткен.