Фото: gov.kz
Жұмыспен қамтылған қазақстандықтардың 30 пайыздан астамы зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
"2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 30 пайызы зейнетақы жүйесіне қатыспайды. Жекелеген секторларда еңбек нормативтерінің болмауы да Жұмыспен қамтудың көлеңкелі нысанын сақтауға ықпал етеді", - деді Асқар Биахметов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда 7,1 миллион жалдамалы жұмысшы және 2,1 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат бар. Еңбек министрлігінің ресми деректеріне сәйкес Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрайды. 5 жыл ішінде 3,3 миллион адамды жұмыспен қамту керек. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 9,2 миллион жұмыспен қамтылған халық бар.
