02 ақп, 2026 сағат 16:17

Арал ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілді

Фото: Gov.kz

Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 25 орындық жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жаңа медициналық нысан аудан тұрғындарына уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында салынды.

Бұған дейін тұрғындар мұндай медициналық көмекті шектеулі жағдайда алуға мәжбүр болған.

Аталған бөлімшенің іске қосылуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, аудан халқының денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Медициналық нысанның ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сала мамандары мен қоғам өкілдері қатысты.

Нысанның салынуы мен мемлекетке қайтарылған активтердің мақсатты әрі тиімді жұмсалуы прокуратура органдарының бақылауында.