03 қар, 2020 сағат 14:30

Апатқа ұшыраған КамАЗ жүргізушісі аман қалды – Алматы қалалық ПД

Дулати көшесіндегі жол апатына қатысты қосымша мәлімет жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жол апаты Бостандық ауданында күндізгі 12:00-де болған.

«Shacman көлігін тізгіндеген 47 жастағы ер адам Дулати көшесімен солтүстік бағытқа келе жатып Набережная көшесімен қиылыста Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Соғылған соң да жүк көлігі жүйткіген жылдамдығын түсірмеген. Содан кейін жүк көлігі шығыс жақтағы жол шетіне шығып кеткен. Сол қарқынмен аялдамадағы жарнама қалқанын, трансформаторлық қосалқы стансаны, жол шетіндегі үйлердің қоршауын қиратқан. Қоршау ауладағы Toyota Land Cruiser көлігінің үстіне құлаған. Бұдан соң Nissan Maxima көлігі қарама қарсы бетке шығып кетіп, Audi көлігіне соғылған», - деді ПД баспасөз қызметінен.

Жол апатына байланысты ПД тиісті сараптамалар тағайындады.

Соққыдан жүк көлігінің жүргізушісі мен Nissan Maxima жүргізушісі жарақат алды.

Айта кетейік, бүгін Алматыда болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды.