16 там, 2019 сағат 15:15

Антиплагиат: Ғалымдардың ғылыми жұмысы шетелдік база бойынша тексерілетін болады

Білім және ғылым министрлігі бұл ретте тиісті ережеге қосымша өзгерістер енгізгелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда біз диссертация қорғаған кезде ғылыми материал тек қазақстандық база бойынша антиплагиаттан (яғни, қазақстандық ғалымдар қорғаған жұмыстар бойынша) өтеді. Сондықтан, ғылыми жұмыстар тек қазақстандық база бойынша ғана емес, шетелдік мәліметтер базасы бойынша тексерілетіндей тиісті ережелерге қосымша өзгерістер енгізіледі. Менің ойымша, бұл да біздің ғылымның сапасын арттыруға септігін тигізеді», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.