Дипломатиялық дереккөздерінің мәліметі бойынша, Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерреш - БҰҰ бас хатшысы қызметіне сайлану мүмкіндігі ең жоғары кандидат. Қазанның 5-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен құпия дауыс беруде Гутерреш бірауыздан қолдауға ие болған. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінің бір де бірі оның кандидатурасына вето қоймаған.
5 қазандағы дауыс беру - осымен алтыншы рет дауыс беру саналады. Бұған дейінгі бесеуінде де Гутерреш алда болған. Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 мемлекет 6 қазанда шартты түрде дауыс беріп, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Бас ассамблеясына ұсыныс жасалады. Бас ассамблея да жаңа бас хатшының кандидатурасын түпкілікті бекіту үшін дауыс беру өткізеді.
БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысы Пан Ги Мунның бес жылдық өкілетті мерзімі биылғы жылдың соңында аяқталады.