Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау
болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
Аталған тұжырымдаманы іске асыру бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынған. Оған
көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс
қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша
Департаментінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «AntikorLive» жобасын атап өтуге болады.
«Апта сайын Facebook желісі
арқылы облыс тұрғындары үшін «AntikorLive» жобасы аясында Антикор орталығында
мемлекеттік мекеме басшылары, сондай-ақ облысымыздың белгілі азаматтары мен
қоғам қайраткерлерінің қатысуымен тікелей эфир өткізіледі. Биліктің бұқараға барынша жақын, әрі ашық болуын
қамтамасыз ету «AntikorLive» жобасының негізгі мақсаттарының бірі. Желі қолданушылары
тікелей эфирге қатысып, қызықтырған сұрақтарын спикерге қоя алады. Осылайша
халық пен мемлекеттік мекеме өкілдерінің арасында тікелей қарым-қатынас орнайды»,
– дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы
бойынша департаментінің өкілдері.
Қазіргі таңда әлеуметтік желі
мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың тиімді құралы екенін ескерсек,
тікелей эфирдің маңыздылығын ерекше айтып өткен жөн.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық сектормен өзара
іс-қимылдың жаңа форматтарын қолданады. Осындай жаңа форматтың бірі – «AntikorLive»
2020 жылдың наурыз айынан бастап іске асып келе жатқан жоба. Жоба шеңберінде
тікелей эфир режимінде облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің
жұмысы туралы соңғы жаңалықтар жеткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
жобаларды іске асыру барысы туралы айтылады. Сонымен қатар, «AntikorLive»
жобасына облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері шақырылады, олар да өз
қызметтері туралы әңгімелейді және Алматы облысының азаматтарын толғандыратын
сұрақтарға жауап береді», – деген болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің
Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов.
Жобаның негізгі мақсаты –
тікелей эфирлер арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында диалог
алаңын құру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен
қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Тұрғындар үшін тағы да бір еске
сала кетсек, тікелей эфир апта сайын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл
Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша
Департаментінің Facebook @anticorruption.almatyoblysy парақшасында өтеді.