03 мау, 2022 сағат 19:15

Антикор Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы бермек


Аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикорға сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі іздеудегі адамды анықталып, оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда көрсетілген телефондар бойынша хабарлауды сұрады:

call-центр 1424

+7 (7172) 909 260

+7 (727) 278 7300

+7 (707) 978 0808

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін 4 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін сыйақы көзделген.

Хабарламаның құпиялығына кепілдік беріледі.