12 қыр, 2025 сағат 17:54

Әнші Рүстем Жүгінісовтің үстінен іс қозғалды

Фото: ашық дереккөз

Астанадағы Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың кестесінде әнші Рүстем Жүгінісовтің аты пайда болды, деп хабарлайды Ult.kz "За нами уже выехали" телеграм арнасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол туралы іс тамыз айынан бері қаралып келеді.

Әкімшілік кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша «ҚР аумағында мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімдерін тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, егер бұл ic-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау және ақтау, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашу» бойынша жауапкершілікке тарту қаралып жатқаны белгілі болды.

Жеке тұлғалар үшін жаза ретінде 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.