18 қаз, 2024 сағат 11:54

Әнші Айқын Төлепберген үйлену тойын жасады


Белгілі әнші Айқын Төлепберген өзінің жары Жұлдыз Өмірғалимен үйлену тойын жасады. Бірнеше жыл бұрын отбасын құрған жұлдызды жұп осы уақытқа дейін тойды кейінге қалдырып келген. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Айқын мен Жұлдыз бірнеше жыл бұрын отау құрғанымен, той жасау мүмкіндігі енді ғана туды. Айқынның бірінші әйелімен ажырасу процесі ұзаққа созылып, кейін пандемия жағдайы тойды кейінге шегеруге мәжбүр еткен. Сонымен қатар, олар баспана алу үшін қаражаттарын жинап жүрген. Дегенмен, Айқын Жұлдызға ақ көйлек киюге уәде бергенін айтып, осы уәдесін орындау үшін тойды енді өткізген.

«Жұлдызға үйленемін дегенде бәрі маған қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарымнан бастап бүкіл дүниежүзі қарсы болды. Тек мен ғана қаладым. “Осы Жұлдызды аламын” дедім. Жаным, Жұлдыз мен сені жақсы көремін. Уәде еттім, ақ көйлек киесің дедім. Мен саған әкең де, күйеуің де, досың да, құрбың да боламын», – деді Айқын.


Әнші сондай-ақ анасының бастапқыда қарсылық білдіріп, алғашқы некедегі балаларын ойлап жылағанын да еске алды. Тойдың соңында Айқын жарының қалауы бойынша белгілі әнші Алексей Чумаковты сахнаға шақырып, микрофон ұсынды.