Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожының 6 шілде күні ұсталған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеоны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Еске сала кетсек, Әбдіжаппар Әлқожаның тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, ұсталған болатын. Сонымен бірге, әнші мас болған.
Сондай-ақ Роза Әлқожаның ұлы Бейбарыс мас күйінде көлік жүргізіп ұсталып, 10 күнге қамауға алынды.