27 мам, 2024 сағат 20:05

Анар Бурашева, альпинист: «Зорлық-зомбылықты бастан өткерген әйел Эвересті бағындырғанын көрдім»


 Фото: Спортшының архивінен


Эвересті бағындырған қазақ қызы Анар Бурашева аз ғана уақыттың ішінде көпшілікке таныла түсті. Альпинистер «өлім аймағы» деп атайтын биіктікті бағындырған нәзік те қайсар қыз физикалық және психологиялық күшін салып, шыңды бағындырды. 10 жылға жуық қаржы саласында, банк ісінде қызмет етіп, өзі қалаған салаға бір-ақ сәтте ауысып кетеді. Өйткені Анар ұзақ жылдар скайраннингпен яғни таулы аймақта жүгірумен айналысқан еді. Енді міне Эвересті де бағындырып отыр. Ult.kz тілшісі спортшыны әңгімеге тартты.

 

– Анар, сіздердің Эверестке сапарларыңызды бүкіл ел бақылады. Басынан бастайықшы, бұл сапарға сіз қалай қосылдыңыз?

 

– Мен Everest Development компаниясына жұмысқа орналасуға келіп, әңгімелесу кезінде бос уақытында скайраннингпен айналысатынымды және осы сирек кездесетін спорт түрі бойынша жаттықтырушы болатыныма компания қарсылығы бар-жоғын сұрадым. Компания менің қызығушылығымды қолдап, нәтижесінде тіпті Африканың ең биік шыңы Килиманджароны (5 895 м.) бағындыру бойынша компанияның экспедиция мүшесі болдым. Шыңға сәтті шығуымызбен бір-бірімізді құттықтап жатып: «Келесі жолы қайда? Бәлкім, бұдан да биігіне – Эверестке шығып, компанияның атын ұлықтармыз?» дестік.  Сол сәтте Мақсұт, Альмир үшеуміз бір-бірімізге қарап, оны да бағындыра алатынымызды және бағындырғымыз келетінін түсіндік! Алматыға оралған соң кеңседе компаниямыздың басшылығымен сөйлестік, оған Альмир екеуміз Мақсұт Жұмаевты да шақырдық. Экспедицияны ұйымдастыру айтарлықтай шығынды талап еткенімен, басшылар идеямызды бірден қолдады. Осыдан кейін дайындықты бастап кеттік. Эверестке экспедицияны басқарған тәжірибелі тәлімгер әрі жаттықтырушы Мақсұт Жұмаевты бұрыннан танитынмын. Тауларда бір-бірімізді көріп жүргенімен, жақын араласып көрмеген едік. Бізді бір арман бір жолға тоғыстырды.

 

– Альпинистер «өлім аймағы» атайтын биіктікте өзіңізді қалай сезіндіңіз? Қыз баласы үшін бұл сапар қорқыныш тудырмады ма?

 

– Біз бұл үлкен сапарға шықпас бұрын толықтай медициналық тексерістен өттік. Денсаулық жағынан ешқандай қарсылық белгілері болған жоқ. Ал дайындық жағына келсек, менің жаттығуларым 10 жыл бұрын, мен ультра қашықтықтағы скайраннингті бастаған кезде басталды. Өйткені өрмелеуде ең алдымен төзімділік керек, ал егер төзімділік болмаса, онда мәселе пайда болады. Сондықтан мен моральдық және психологиялық тұрғыдан толықтай дайын болдым.

Қорқыныш болды, әрине, әсіресе альпинизмнің не екенін білгенде. Бұған дейін менің максималды биіктігім 5000 болатынын ескерсек, менің ішкі және сыртқы күйімнің биіктікте қалай болатынын болжау өте қиын. Бірақ, шынымды айтсам, осы қорқыныштарға қарамастан, бәрін жеңіп шықтым, бұл қорқыныштар менің санамның шамамен 10%, санамның 90% -ын алып жатты.

Бұл маусым ең жақсы маусымдардың бірі болды. Менің ойымша, физикалық дайын адам ол жерге бара алады. Бұл, әрине, акклиматизация жаттығуы, біз 6000 метр биіктікте денеміздің өзін қалай ұстайтынын көргіміз келді. Бұл мақсатқа да жеткеніміз біз үшін үлкен қуаныш әрі жетістік. Әрине, мен бірден дайын болдым, шыдаймын, моральдық қиындықтарға төземін, өзімді көрсетемін деп алға ұмтылдым. Біріншіден, мен сол жаққа көтерілген әйелдерден шабыттандым, екіншіден, мен көптеген әдебиеттерді оқыдым. Яғни өзімді іштей де, сырттай да әбден дайындадым.

 

– Гендерлік теңдікті альпинизмде де дамыту қажет екенін және әйелдер ерлермен тең дәрежеде әлемнің ең биік шыңдарын бағындыра алатынын дәлелдедіңіз. Мұндай қиын және қауіпті жорықтарға әйелдердің қатысуы қаншалықты қиын әрі маңызды болды?

 

– Шынымды айтсам, бұған дейін де мен, әсіресе, қазақ қоғамына әйелдердің ер адамдармен тең дәрежеде барлығын жасай алатынын дәлелдеу керек деген оймен жүрдім. Ал альпинизм мен үшін сол жетістіктердің бірі болды. Яғни, мен бұл өрлеуге дейін оның мәнін түсіндім, сәйкесінше, мен мұны көрсете аламын деген үмітімді ақтадым. Таңғалатыным, шынында, тіпті халықаралық альпинизмде бұл өте маңызды. Бұл спорт түрінде қыздар аз, бізде үлкен базалық лагерь бар делік, ол шағын қала сияқты және ол жерде 5% әйелдер болса, 95% ер адамдар. Айтпақшы, айта кетейік, 12 мамырда менімен бірге бірінші словак әйелі көтерілді. Словениядан келген оның да негізгі тақырыбы гендерлік теңдік болды. Білесіз бе, қандай да бір жарақаты бар адамдар үлкен мақсаттарға қол жеткізе алады. Олай дейтінім, қазір айтып отырған словак әйел ерте жасында зорлық-зомбылықты бастан өткерген. Ол өз сөзінде бұрынғы кейбір психологиялық мәселелерде де оны жеңе алғанын және өмір сүре алатыныңызды көрсеткісі келгенін айтты. Қараңызшы, ол әрі қарай өмір сүру үшін, өзін ынталандыру үшін осындай жаһандық мақсаттарға қол жеткізіді.

 

– Эверест сапарынан кейін «жұлдыз» болып ояну қалай әсер етті? Күнделікті кездесулер мен сұхбаттар, тығыз кесте... Сіз мұндайға дайын болдыңыз ба?

 

– Шынымды айтсам, мен бұны күткен жоқпын және оған әлі дайын емеспін. Ссы уақытқа дейін, не істегенімізді аңғарып та  үлгермедік. Біз роботтар сияқты қозғаламыз. Ал оралғанымызға бір апта ғана өтті. Бізде ұйықтауға немесе не болғанын мүмкіндік болмады, тіпті отбасымызбен әдеттегідей кездесуге де уақыт болмады. Қазір, әрине, мен үшін өте жаңа, өте қызықты кезең болып жатыр. Қазір ғана бір мектепке кездесуге бардық. Кішкентай оқушылардың қызығушылығы, спортқа деген ынтасы мен көзіндегі отты көріп қайттым. Сол оқушылармен кездесуден кейін мен жастарға мотивация бола алғаныма шын қуандым.

Білесіз бе, мен кәсіби спортшы емес, әуесқоймын. Сондықтан менің міндетім, мүмкіндігінше спортпен шұғылдану. Өйткені халықаралық жарыстарда, біздің қазақстандық жарыстарда талай 60, 65 жастағы көптеген әйелдерді көріп жүрмін, маған да әлі көп еңбектену керек.

 

– Қазір тренер-коуч дегендер трендте ғой. Сізге де жастарға мотиватор-коуч бол деген ұсыныс түссе қайтер едіңіз?

 

– Әрине, мен спортты таңдаймын деп ойлаймын, себебі әркім өз ісімен айналысуы керек деп ойлаймын. Мен жай ғана спортшымын, әрине, кездесу арқылы басқаларды да қатысуға ынталандырсам, қуанамын. Бірақ мотиватор бола алмаймын, өйткені мен мұны қалай істеу керегін білмеймін, мен спортшымын.

Өкінішке қарай, Қазақстанда альпинизм де, скайраннинг те соншалықты дамымаған. Бізде, әрине, кәсіби альпинистер бар, бірақ, шынымды айтсам, олардың барлығының қолданбалы кәсіптері бар. Өйткені, өкінішке қарай, Қазақстанда скайраннинг те, альпинизм де тікелей табыс әкелетін кәсіп емес. Менде мұндай біліктілік әлі жоқ деп есептеймін. Мен болашақта болуым мүмкін, бірақ ол үшін көп оқып, көп жаттығу керек. Әзірге мен ол жерге өзім бара алатын әуесқоймын, бірақ әлі ешкімді ерте алмаймын. Ендігі ойым мен арманым – жеті шыңның бәріне шығу.

 

      Әңгімеңізге рақмет!