Фото: Alash.kz
Экс-депутат Серікқан Жақыповқа ауыр айып тағылуда: прокурор оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
Алдағы уақытта сот жеті жастағы баланы зорлады деген күдікке іліккен бұрынғы мәслихат депутатына қатысты үкім шығарады.
Жақыповқа қарсы арызды баланың анасы (оның жақын туысы) берген, ал тергеу барысында бұл деректі арнайы сараптама растаған.
Экс-депутаттың жұбайы күйеуінің кінәсіз екеніне сенімді.
Айта кетейік, биылдан бастап осындай ауыр қылмыс жасағаны дәлелденгендерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұл шара арқылы билік қоғамды қауіпті адамдардан қорғауды көздеуде.