20 ақп, 2023 сағат 15:34

«АMANAT» партиясы үміткерлері Қызылорда медициналық колледжі ұжымымен кездесті


Бүгін Қызылорда медициналық колледжі ұжымымен кездесіп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізген «АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихатқа үміткерлер - Раушан Базарбай мен Мұрат Жұмаділаев жетекші партияның денсаулық сақтау саласы бойынша алда атқарылатын жұмыстары жайлы атап өтті. 


Кездесуде сөз алған үміткер Раушан Базарбай ең алдымен медицина саласының дамуын жетілдіріп, ауыл халқының денсаулығын жақсартудың маңыздылығына тоқталды.

"Медицина саласы - еліміздегі ең күрделі әрі жауапты сала. Халық денсаулығы - қоғам байлығы. Осы мақсат жолында «АMANAT» сенімге құрылған адалдық партиясы ретінде алдағы 5 жылда «Халықпен бірге!» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласын түбегейлі жақсартуды мақсат етіп отыр. Ол үшін: кезең-кезеңімен қаржыландыруды ұлғайтуға, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін мемлекеттің қамқорлығына кіруіне кепілдік беріп, олардың мәртебесін заңнамалық түрде бекітіп, жұмыс жағдайын жақсартауға ықпал етпек. Сондықтан партия мүшесі ретінде Сіздер артқан сенім үдесінен көрінуге уәде етемін. «Халық сөйлесін» жобасы аясында арнайы жұмысшы топ әрбір аймақ, әрбір тұрғынның мәселесін мұқият зерделеп, оның тиісті дәрежеде орындалуын толыққанды қамтамасыз етеді. Сіздерді 19 наурызда «АMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамын. Сіздердің әрбір ұсыныс-тілектеріңіз ескерілетінін жеткізгім келеді", – деді Раушан Базарбай.

Ал, үміткер Мұрат Жұмаділдаев партия қолдауымен алдағы уақыттарда облыста 30 медициналық нысан пайдалануға берілетіндігін атап өтіп, сайлаушыларды әділ және дұрыс таңдау жасауға шақырды.



Кездесуге партия атынан бір мандаттық сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа үміткер Мағжан Ералиев те қатысып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жиын қорытындысында студенттер мен колледж оқытушылары сауалдарын қойып, сайлау науқанында белсенділік танытатындарын жеткізді.

Тапсырыс беруші: Л.Б. Төрешова

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді