«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді.
Кеңес қаулысымен «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бюро құрамына енгендер:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы;
Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.
Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.