06 мам, 2022 сағат 16:24

Amanat партиясы елдің басты автономды саяси күшіне айналады - саясаттанушы


Amanat партиясы өзінің ең қуатты және жетекші саяси күш екендігін нақ осы референдум көрсететін болады. Белгілі саясаттанушы, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Қазыбек Майгелдинов осындай пікір білдірді.

"Amanat партиясы референдумды қолдау бойынша мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы билікті орталықсыздандыру, суперпрезиденттікті жою және билікті барлық билік институттары арасында тең бөлу қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Бұл реформалар елдің басты құжатында көрініс табуы керек.

Конституцияға енгізілетін түзетулердің негізгі тармағы Президент өкілеттігін шектеуге бағытталған. Мәселен, президенттік өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде қандай да бір партияға мүшелікке тыйым салады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы үшін де осындай тыйым қарастырылған" - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, Тоқаевтың әкімдерге партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салғанын да ұмытпаған жөн.

"Осыны ескере отырып, сондай-ақ жоғарыда аталған түзетулерді ескере отырып, Amanat партиясы елдің басты автономды саяси күшіне айналады. Егер бұрын партия атқарушы билікке, орталық аппаратқа – Президентке, ал филиалдар – әкімдерге есеп беретін болса, енді, тек қана азаматтардың мүдделерін ескеретін арна бола отырып, партияның мәртебесі атқарушы билікте, әсіресе өңірлерде көтерілетін болады. Мысалы, мәслихат депутаттары көпшілік дауыспен егер де әкімдер қандай да бір себептермен өз функцияларын тиісті түрде орындамаса, оларды лауазымынан алып тастай алады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің партиядан мерзімінен бұрын шығуымен Amanat-қа жылдың соңын күтпей-ақ, жаңа жағдайда жұмысты бастау туралы сигнал берді.

Сондықтан Amanat партиясының Конституцияға түзетулер енгізу үшін үгіт-насихат штабын белсенді түрде құрғаны қисынды. Қазір олар дауыс беруде халықтың қолдауына ие болу үшін барлық күш-жігерін шоғырландырып, бар тәжірибесін және орталықтың филиалдармен өзара іс-қимылының жүйелілігін пайдалануы қажет" - дейді Майгелдинов.

Сондықтан партия өзінің ең қуатты және жетекші саяси күш екендігін нақ осы референдум көрсететін болады.