03 нау, 2023 сағат 16:54

«AMANAT»: 7 мәдени нысан жаңғыртылады


Қостанайлық кандидаттар Алтынсарин ауданы Силантьев ауылының мәдениет үйінің ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. 

Кездесуде кандидат Серік Бектұрғанов партиялық бағдарламаның ұлттық мәдениетті қолдауға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.

– «AMANAT» партиясы тарихи-мәдени мұраны сақтауға, облысымыздың көрнекті тумаларын танымал етуге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және ұлттың мәдени кодын сақтауға ықпал ететін болады. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы 7 мәдениет нысанды жаңғыртатын болады. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін мәдениет нысандарының саны азаяды. Мәдени мұраны сақтауда ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етілетін болады, - деді кандидат.



Сайлауалды бағдарламада 600 мың адамнан кем емес адамды мәдени іс-шаралармен қамту көзделген. 

Сондай-ақ, көрнекті тұлғалардың мерейтойларына орайластырылған  кемінде 30 іс-шара өткізу жоспарланған.

– Алдағы 5 жылда «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қазақ мәдениеті мен өнерін жүйелі негізде қолдауға бағытталған 1 мыңнан астам іс-шара өткізу жолға қойылған, - деді кандидат С. Ещанов.


Сайлаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды. 

Жалпы, сайлаушылар партияның бастамасын қолдап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді