09 қар, 2017 сағат 21:08

"Алтын шаңырақ" Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

2017 жылдың 9 қарашасы  күні Исатай ауданы Аққыстау ауылының «Жалын» мәдениет үйінде  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» және «Әйелдердің радикалдануының алдын алу» тақырыбында  кеңейтілген мәжілісі өтті.

Кеңейтілген мәжілісте «Аналар кеңесі мәңгілік ел тірегі» тақырыбында көрме  ұйымдастырылып,  Аққыстау халық театрының «Мақтанышым Мақтым ана» тақырыбында  көрінісінің үзіндісі тамашаланды.

Модератор Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.

Аталған жиынға облыстық Аналар кеңесінің  мүшелері, аудандық  Аналар кеңестерінің  төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, облыс әкімі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия  мүшелері, дін істері басқармасы,  БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның құттықтау сөзі аудан әкімі М.Б.Мурзиевке беріліп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындалған міндеттемелер түсіндірілді.

Жиын барысында «Ұлы даланың – ұлы тұлғалары» тақырыбында аудандық аналар кеңесінің мүшесі, Аққыстау орта мектебі директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары Мутьянова Лиза Төлегенқызы және «Әйелдер арасында радикалды идеологияның алдын алу бағытында жұмыс жүргізу мәселелері» тақырыбында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызының баяндамалары  тыңдалды.

Сондай-ақ, Исатай ауданының Аналар кеңесінің жұмысы туралы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Берікқалиева Сағираш Мұхатқызы да қысқаша  ақпарат берді.

Жиынның соңында ауданның  жеке кәсіпкерлері аз қамтылған және  мүмкіндігі шектеулі 7 отбасына ақшалай көмек ұсынды.

Мәжілістің  салтанатты бөлімі концерттік бағдарламамен аяқталды.