03 мау, 2023 сағат 13:16

"Алтын Орда" директорының орынбасары ұсталды: полиция түсініктеме берді

Фото: © 5region.kz

Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек автожолында BMМ көлігін тоқтатқан.

"Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат, сондай-ақ тағы бір жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.

Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді" - делінген хабарламада.