11 қаң, 2021 сағат 15:55

«Алтын Орда» базарының жолы қашан ашылады?

«Алтын Орда» базарының маңындағы жолайрығының құрылысы әлі жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтау 2021 жылдың соңына жоспарланған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгінде «таға» типі бойынша көлік айрығының арматуралық қаңқасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың жүру бөлігі 10 жолаққа дейін кеңейтіледі. Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, үш жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі мен электр, газ құбыры, байланыс жұмыстары аяқталды.

«Алтын-Орда» жобасын іске асыру үшін 16-19 шақырымға 10,7 млрд теңге бөлінді. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыда он жолақты тас жолдың құрылысы 2017 жылы басталған болатын.