Алматы облысының әкімдігі Алматы маңында орналасқан "Алтын орда" базары локдаун кезінде неге шектеусіз жұмыс істегені, соның салдарынан базарда адам шектен тыс көп болғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ОКҚ-да өткен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы брифинг барысында журналистер әкімдік пен санитарлық қызмет өкілдеріне Алматы қаласында барлық базар мен сауда және ойын-сауық орталығы жабылған кезде "Алтын Орда" базары мен "Апорт" неліктен жұмыс істегенін, соның салдарынан вирус жұқтырғандар саны көбейгені туралы сұрақ қойды.
"Алтын Орда" - республикалық маңызы бар базар. Онда өңір тұрғындары мен кәсіпкерлері ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірінен және Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты көрші елдерден де өнім сатып алып келеді, алып кетеді. Бұл базар елдегі баға белгілеуде үлкен роль атқарады, өйткені көтерме саудагерлердің көпшілігі сол жерден тауар сатып алады. Егер оны бірнеше күнге жапсақ, дүрлігу мен қымбатшылық туғызады. Базарда шектеу шаралары сақталған, онда вакциналаудың үш пункті жұмыс істейді", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.