26 сәу, 2024 сағат 16:11

Алсу Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады

Ресейдің әншісі Алсу «Голос.Дети» шоуында қазақ әншісі Ержан Мақсымнан ұрланған дауыс үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.nur.kz басылымына сілтеме жасап.

"Мен көпшіліктен кешірім сұрағым келеді. Сол кездегі жағдайды есіме алсам, өзімді қоярға жер таппаймын. Мен дұрыс істемедім. Сондықтан мен барша ел-жұрттың алдында кешірім сұраймын", – деді ол.


Алсудың айтуынша, сондай кезде барлық ата-ана өз баласының болашағын ойлап, перзентіне дауыс жинап беру керек. Енді болар іс болды.

Қазір әлеуметтік желіде жұртшылық әнші кешіруден гөрі, оның «барлық ата-ана өз баласының болашағын ойлап, перзентіне дауысты ұрлап беретін еді» деген мағынада айтқан сөзін сынап жатыр.

Еске сала кетсек, осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2019 жылы «Голос.Дети» шоуының 6-маусымының финалында көпшіліктен ұрланған дауыстың нәтижесінде Алсудың қызы Микелла Абрамова қазақ әншісі Ержан Мақсымнан басым түсіп, жеңімпаз атанған болатын.

Осыған байланысты ресейліктердің өзі Ержан Мақсымның дауысы ұрланғанда финалдың қорытындысына наразылық білдіріп, Алсудың іс-әрекетін сынаған еді.