Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор, иммунолог Алмаз Шарман халықты вакцина аулға ынталандыру шаралары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен бұл мәселеге жеке адамның құқығы тұрғысынан емес, қоғамдық денсаулық сақтау түрғысынан қарау керек деп ойаймын. Бұл істе қоғамның құқығы іске қосылып отыр. Міндетті вакцинация деп атасақ, мұндай тәсіл әлемнің өзге елдерінде де бар. Мысалы, АҚШ-тың Мичиган штатында аурухананың бүкіл медициналық персоналы вакцина алуға міндеттелгені туралы хабар тарады. Калифорния штатында да осындай жағдай болып жатыр. Кейбір елдер лоторея ойнатып жатыр. Менің ойымша, онда тұрған ешқандай таңғалатын дүние жоқ. Тіпті дұрыс деп есептеймін. Өткені вакцина алудың не үшін қажет екенін нақты түсінбейтіндер көп», - дейді профессор.
Иммунологтың айтуынша, коронвирусты айтарлықтай жеңіл өткеріп жатқандар бар.
«Бұл вирустың ең қауіптілігі осы жерінде. Вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы оны ешбір симптомсыз өткереді. Сөйтіп жүріп ондай адамдар маңайындағының бәріне ауру жұқтырады. Ал олардың ішінде иммунитеті әлсіздер әлгі симптомсыз ауырған адамның себепкер болуымен көз жұмуы мүмкін.
Сондықтан вакциналау мәселесінде жеке адамның құқығынан қоғамның мүддесі жоғары тұр. Міндетті вакцинация – қоғамның құқығын қорғау деп білемін»¸-деген сарапшы вакциналаудың маңызы туралы мысал келтірді.
«Дәмханаға вакцина алмаған 4 адам келді дейік. Даяшы вирусты симптомсыз өткеріп жүрген болса, төртеуіне де ауру жұқтыруы мүмкін. Оның біреуі тіпті реанмицияға түсіп, өмірін қауіп тқнуі ықтимал. Мұндай жағдайда кімнің құқығын бірінші кезекте қорғауымыз керек? Вакцина алудан бас тартқан даяшының құқығын қорғау маңызды ма, әлде дәмханаға тамақтану үшін келетін тұрғындардың қауіпсіздік құқығы маңызды ма? Бұл мысал міндетті вакцинация тамақтану, қызмет көрсету саласына ғана қатысты болу керек деген сөз емес. Өйткені қазір қолымыздағы жалғыз қару – вакцина», - деді Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі.