22 ақп, 2022 сағат 22:06

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды


Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орыннан 4 атыс қаруы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шұғыл желі арқылы түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерді. 

Жасырылған орыннан 4 атыс қаруы табылды. 

Атап айтқанда, «Beretta Xtreme», «Tikka T3x», «Gamo FS 10x igt», «Sako TRG». 

Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. 

Сондай-ақ, сараптамалық зерттеу нәтижесінде қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны тексеріледі.