Алматының бірнеше ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
7 қазан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін «Айша бибі» және «Қайрат» шағынауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Сонымен қатар, 8 қазан күні Әуезов ауданында сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Достық», «Дубок», «Қуаныш», «Мамыр - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7», «Таугүл», «Таугүл-1», «Таугүл 2», «Тепличный», «Школьник» шағынаудандары мен Жандосов-Саин-Торайғыров-Үлкен Алматы, Жандосов - Саин-Шаляпин-Яссауи көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық судан ажыратылады.
Бостандық ауданы, «Хан Тәңірі» шағынауданы және Розыбакиев-Торайғыров-Өтепов-Үлкен Алматы көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су берілмейді.
Сондай-ақ, «Байтал», «Дуэт», «Мега - 1, 2», «Mega Towers», «R-House» тұрғын үй кешендерінде су құбырындағы қысым төмендейді.
Сонымен қатар, 8 қазанда сағат 9-дан 20-ға дейін Медеу және Жетісу аудандарындағы Пушкин-Райымбек-Куратов-Есенберлин-Коперник, Жангелдин, Куратов, Потанин, Серпер және Черкасская көшелерінің бойындағы үйлерге суық су берілмейді.
«Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үш қажет», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.