14 қаң, 2022 сағат 12:13

Алматы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Фото: Аскар Ахметуллин

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және жаңа «омикрон» штамының табылуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыда бірқатар шектеу бар. 

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейiн еске алуды қоспағанда, ашық аспан астында да, уй-жайлар ішінде де бұқаралық iс-шараларды (банкеттер, уйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) өткiзуге және қатысуға тыйым салу; 

- қоғамдық орындарға, онын iшiнде қоғамдық көліктерге және кызметiне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда (5 жасқа дейiнгi балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану қажет. 

- ПТР-сынама оң нәтиже көрсеткенде («кызыл» мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары» мәртебе) - 14 кун iшiнде өзін оқшаулау режимі. 

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.