10 там, 2021 сағат 01:39

Алматының айналасына блокпостар қойылып, қаланы әскери техника күзетіп тұр - фейк


Қазнет қолданушылары Алматы маңында әскери техникамен қорғалатын блокпостар қойылатыны туралы хабар таратып жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұған дәлел ретінде бронетранспортерлерді тасымалдау барысы түсірілген бейнеролик ұсынылып отыр. Бұл жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. 


Қазіргі уақытта Алматының айналасында блокпостар жоқ. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантин шектеулеріне ешқандай қатысы жоқ.

– Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орналастыру орнына алып келді, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Мұндай фейктерді біз бұған дейін де жоққа шығарған болатынбыз