27 қыр, 2021 сағат 14:10

Алматыны шаңды дауыл басты


Алматыны шаңды дауыл басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең қаланың бірқатар шағынауданын шаңды дауыл басып қалды. Жел ауаға шаң мен құмды көтерді.

Синоптиктер шаңды дауылдың жаз және күз айларында жиі болатын табиғи құбылыс екенін атап өтті.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 27 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр күтіледі.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың барлық аумағында күшті жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды.