Алматының мониторинг топтары 3 шілдеге қараған түні көңіл көтеретін орындарда карантиннің 14 бұзушылығын анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мәселен, Медеу ауданының мониторинг тобы караоке орталығында 100-ге жуық келушіны анықтады.
Караокенің іші тар, әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, келушілер карантиндік шектеулерді елемеген.
Мониторинг топ өкілдернің айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтары санитар дәрігерлердің ұсыныстары мен ережелерін елемей, той өткізуді жалғастыруда.
Бір түнде 14 бұзушылық анықталды.
Мысалы, 2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні қаланың бір барында 150 қонақ қатысқан салтанатты шара ұйымдастырылған.
Бұл факті бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына беру үшін әкімшілік материал жиналды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атап өткендей, алдын алу шараларын жаппай елемеудің салдарынан коронавирустың жаңа штамдары өрши түсті.
Сондықтан қазіргі кезде сақтану шараларын қатаң ұстанған жөн.
Жыл басынан бері карантин шарасын бұзған нысандарға қатысты 75 сотқа материал жіберілді, оның 64-і бойынша шешім қабылданды.
