Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздік» монументі алдындағы салтанатты шараға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, Ауған соғысының жауынгерлері және Чернобыль қатысушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.
Іс-шара әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.
Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ашылды. Авторлық топтың жетекшісі республиканың еңбек сіңірген сәулетшісі, Шоқан Уәлихановтың ұрпағы Шота Уәлиханов.