18 там, 2020 сағат 11:58

Алматылықтар электр қуаты үшін 9 млрд теңгеге жуық қарыз

Алматы қаласы мен Алматы облысының жеке және заңды тұлғаларының электр энергиясы үшін 9 миллиард теңгеге жуық берешегі бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қарызы бар барлық тұтынушыға электр энергиясы өшірілетіні туралы хабарлама жіберілді. 

«АлматыЭнергоСбыт» барлық борышкерді электр қуатынан ажыратқан жоқ. Компания Алматы қаласы әкімінің жеке тұлғаларға наурыз-сәуір айларында тұтынылған коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерін жыл соңына дейін шегеру туралы бастамасын қолдады. Осы көмекті алу үшін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ға 1542 тұрғынан өтініш түсті»,– деп атап өтті ЖШС-ның баспасөз қызметінен. 

Тұтынушылардың электр энергиясы бойынша қарызы 1 тамыздағы жағдай бойынша 8,767 млрд теңгені құрайды. 

Сонымен қатар, компания электр энергиясы үшін дебиторлық берешегі бар тұрғын үй кешендері мен басқарушы компаниялардың тізімі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтында орналастырылғанын атап өтті. 

«Ал электр энергиясына қарыз болып қалған тұрғындар өздерінің берешегін ALSECO компаниясынан нақтылай алады. Сонымен қатар қарыздарын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС кез-келген филиалында төлей алады», – деп атап өтті компаниядан.