08 жел, 2020 сағат 14:53

Алматылық волонтерлер алғыс хатпен марапатталды

Волонтер жылының ресми жабылу салтанаты аясында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» байқауының бас жүлдесін «Диалстрой» ЖШС бас директоры Ғабит Маматрайымов жеңіп алды.

«Педагогтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрым Нұрғалиев, «LLider.kz» еріктілер қозғалысының басшысы Дильмира Блац және «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» жетекшісі Еркебек Арғымбаев «Жыл волонтері» атанды.

 

Салтанатты шара барысында, бірқатар еріктілер мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері Елбасының және Президенттің алғыс хатымен марапатталды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың атынан волонтерлерге қиын кезде азаматтарға көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Қазіргі таңда Алматыда 28 волонтер ұйымы жұмыс істейді. Оның құрамында 50 мыңнан астам волонтер бар.