09 жел, 2020 сағат 16:52

Алматылық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында оқушыларға қандай жағдайда мектепке оралуға рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл жаңа жылдық демалыстан кейінгі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер біз тұмауды негізге алсақ, әдетте жаңа жылдық мерекеде барлығы шетелге, курорттарға және тағы басқа жерлерге барып ЖРВИ мен тұмаудың небір штамдарын әкелетін. Қазір бұл шектеулі. Алайда балаларымыз демалыс кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Ата-аналар да мұқият болуы керек. Қазіргі кезде балалар үшін ең қауіптісі - компьютерлік клубтар. Тексеру көрсеткендей, заңсыз, жасырын жұмыс істеп жатқан компьютерлік клубтар баршылық. Біз қазір оларды жауып, әкімшілік жаза қолдананып жатырмыз», - деді Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында.