02 ақп, 2024 сағат 11:32

Алматылық хостелдегі өрт: тергеудің егжей-тегжейі белгілі болды


Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы прокуратурасы хостелдегі өртке қатысты тергеудің барысы туралы хабарлады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kzке сілтеме жасап.

Еске салайық, 2023 жылдың 30 қарашасында Almaty Hostel-де өрт шықты. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Сол күні бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен жалға алушы қамауға алынып, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объектив зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген қала прокурорының орынбасары Жандос Әбдібаевтың қолы қойылған Алматы прокуратура мәліметінде.

Соталды тергеп-тексеру барысында қаза тапқан 13 адамның жеке басы анықталып, олардың денесі туыстарына берілді.