25 там, 2020 сағат 09:16

Алматылық әйел жедел жәрдем көлігінде босанып қалды

Фельдшерлер жол үстінде толғағы қысқан келіншекті босандырып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Толғағы қысқан алматылық келіншек жедел жәрдем шақыртқан. Үйіне келген фельдшерлер жүкті келіншекті тексеріп, оны перзентханаға алып кетеді. Көліктің ішінде келіншектің толғағы жиілеп, сәби жолда дүниеге келеді. 

Фельдшерлер әйелді жедел жәрдем көлігінің ішінде босандырып, кіндігін кесіп, содан кейін босанған әйел мен жаңа туған нәрестені перинаталды орталыққа жеткізеді. Акушерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. Дүниеге салмағы 3,1 келі, бойы 54 см ұл бала келді.

Өз кезегінде, жаңа босанған келіншек фельдшер Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиевке алғыс білдіреді.