29 қыр, 2021 сағат 18:12

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан әкелінеді?


Алматыға қазан айының соңында Pfizer вакцинасы келеді деп күтілуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз де Pfizer вакцинасын күтіп отырмыз. Қазан айының соңында болуы керек. Бірақ әзірге Денсаулық сақтау министрлігінен жеткізу кестесін алған жоқпыз. Қазіргі уақытта біз клиникалармен осы вакцинаны салдырғысы келетіндердің тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Лаура Мырзағали.

Сонымен қатар, ол Алматы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта екенін атап өтті.

Айта кетейік, соңы тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясын 426 адам жұқтырған.

28 қыркүйек күні 6 960 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 324, ал II компонентін 4 636 адам алды.