04 нау, 2024 сағат 20:44

Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты президент тапсырма берді


Фото:Берік Уәлидің фейсбук парақшасынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат". 

Бұл туралы президент кеңесшісі Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді.


"Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды.
Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. 
Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды", - делінген Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасында.