#
#
Сенбі 19/09/2020

Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 қашан газға ауысатыны белгілі болды

  • 13.08.2020
  • 0
  • 105

Алматыда ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 2024-2025 жылы толығымен газға ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн конференция барысында ЖЭО-2 стансасынан - 38 мың тонна, ЖЭО-3 стансасынан 12 мың тонна зиянды зат шығатынын ескерген ҚР Экология министрі орталықтар қашан газға ауысатынын сұрады.

«Біз қазан-қарашада тендер жариялаймыз. Келесі жылы бюджетке жобаның техникалық экономикалық негіздемесін жүргізу шығындарын кіргіземіз. Қазір біз көгілдір отынға өтініш беріп жатырмыз. ЖЭО-3 жұмыс істеу үшін біз қай отынды қолданатынымызды түсінуіміз керек. Көмір болса, күл шығаратын орын жоқ. Сондықтан, ол жерде жалғыз ғана отын – газ қолданылуы керек», - деді «Самұрық Энерго» АҚ өндіріс және активтерді басқару директоры Серік Түйтебаев. 

Оның айтуынша, ЖЭО-3 техникалық экономикалық негіздемесін жасауға 3 жыл кетеді.

«Егер «ҚазТрансГаз» АҚ бізге техникалық шарттарды жасап берсе, біз жол картасын әзірлей береміз. 2021 жылы техникалық экономикалық негіздеме жасап, 2022 жылы қаржыландыруды ұйымдастырып, 2023 жылы құрылысты бастаймыз», - деді ол.

Серік Түйтебаевтың айтуынша, ЖЭО-2 бойынша да техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Қаржылық мәселелер ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп қарастырылады. 

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ «Алматы ЖЭО-2» қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту үшін қайта жаңғырту» техникалық-экономикалық негіздемесінің жобасы қарастырылып жатқанын айтты. Оған сәйкес ЖЭО-2-ның барлық қазандықтарында көмір орнына газ жағу қарастырылған. Ол ауаға бөлінетін күкірт диоксиді, күл, тағы басқа заттардың 83%-ға (қазіргі 37 мыңнан 6 мыңға дейін) азаюына ықпал етеді. 

Жалпы алғанда, ЖЭО-2 бойынша жұмыстар – 2024 жылға таман, ЖЭО-3 бойынша жұмыстар 2024-2025 жылға таман аяқталуы тиіс.

Онлайн конференцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов, экологиялық белсенділер қатысып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар