Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың Тамыз кеңесі барысында үздік білім беру ұйымы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұқағали Мақатаев атындағы дарынды балаларға арналған №140 мектеп гимназиясы «Ең үздік орта білім беру мекемесі» деп танылып, ұжым 34 миллион теңге көлеміндегі әкім грантын иеленді.Аталған қаржы мектепті материалды-техникалық жабдықтауға жұмсалмақ.
Сонымен қатар «Ең үздік мектеп кітапханасы» байқауы бойынша қалалық №34 гимназия ұжымы жеңімпаз атанды. Мектеп директорына екі млн теңгенін сертификаты табысталды.
Жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі үздік ұстаздар мен ұйымдарды салтанатты түрде марапаттады.
Бірқатар мұғалімге «Еліміздің білім берудегі құрметті жұмысшысы», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі және қала әкімінің «Еңбегі үшін» медалі табысталып, алғыс хаттар берілді.