03 шіл, 2021 сағат 13:31

Алматыдағы субұрқақта тоқ соққан әйел ауруханадан шықты


Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан 28 жастағы әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Науқас үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты. Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта бірнеше адамды тоқ соқты.