Алматының бас санитария дәрігері Rixos қонақүйінің бас директорына жаппай жиын өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынғанын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматыда өткен брифинг кезінде қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин журналистің, "Rixos қонақүйінде еврейлер жиналыс өткізгені үшін қонақүй басшылығына неге айыппұл салынбады" деген сұрағына жауап берді.
"Қонақүйдің бас директоры демалыста болды, сондықтан оған хаттама жасай алмады. Осы аптада демалыстан оралған соң оған хаттама жасалды", - деді Бекшин.