17 там, 2021 сағат 15:38

Алматыдағы Rixos қонақүйінің әкімшілігіне айыппұл салынды


Мегаполистегі Rixos қонақүйі әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге рұқсат бергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бекшиннің сөзінше, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуге ғимаратты бергені және ұйымдастырғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған. 

Сонымен қатар, ол шараға қатысушылар Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін жеткізді.

«Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізіледі, анықталғандардың бәрі жазаланатын болады», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшинге сын айтқан болатын. Себебі, еврей қоғамдастығының жиыны өткен Rixos қонақүйіне айыппұл салынбаған.