Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен бірқатар сауда нысандарына рейд жүргізілді. Онда карантин талаптарының сақталуы тексерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 10-11 қазан аралығында 314 нысан тексеру шараларымен қамтылып, 65 бұзушылық анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сонымен қатар, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, қызметіне уақытша тыйым салынған нысандар мен жұмыс режимінің бұзылу жағдайлары анықталды.
Олардың арасында:
– Медеу ауданында – «Bla Bla Bar» түнгі клубы Сәтбаев к-сі, 1 А, «Sultan» мейрамханасы Қалдаяқов к-сі, 58, бар паб «Black Hall Bar» Құрманғазы к-сі, 25, бар паб «Nebo bar gallery&terrace» Достық даңғылы, 192/2;
– Әуезов ауданында- Ақсай-3 шағын аудандағы 14 А үй мекен жайындағы букмекерлік кеңселер желісі, «Астана Плаза» шағынауданы мейрамханасының жанындағы караоке бары. Астана, 35, бильярд клубы Жандосов көшесі, 59 В, букмекерлік клуб шағын ауданы. Жетісу, 3 үй 1б, караоке клубы «Алмалы» шағын ауданы. «Ақсай» 1 А үй 11/2, «Алтын ғасыр» лаунж бары. «Ақсай» 1А» үй 15/1;
– Түрксіб ауданында – «Золотой кувшин» дәмханасы, Ақан Сері көшесі, 81;
– Бостандық ауданында – «Chechilpub на Жарокова» Алмагүл к-сі, 18 а, «jungle» ресто-бары Марков к-сі, 61/2, «RiverHall» мейрамхана кешені. Көктем2, 11/3 үй;
– Алмалы ауданында-Назарбаев даңғылы, 113 «Музкультура» бары, Абылай хан даңғылы, 92 «Lolita» бары, «Шашлыкoff» бары, Төле би көшесі, 89, «Academia» мейрамханасы Қабанбай батыр көшесі, 83, Bar&Grill «Fahrenhei T» Абылай хан даңғылы, 96;
– Жетісу ауданында-Северное кольцо к-сі, 33 бойынша фастфуд, Ялян базарындағы 16, 20 бутиктері, «Азия» асханасы, «Ялян» базары, Донерная және «Байсат» Сауда үйі фастфуд, «Айнабұлақ – 2», 84/4 үй мекенжайындағы» Дегирмен» дәмханасы.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 9-10 қазанына қараған түні Медеу ауданында ВНВ түнгі клубы мен «Небо» дәмханасының жұмыс істегені анықталды,онда шамамен 200-ге жуық келуші болған.
Тексеру бойынша мекеменің жұмысы тоқтатылды, барлық келушілер шығарылды.
Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шараларды сақтаудың маңызын еске салады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға және жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан қызметіне тыйым салынған мекемелерге барудан аулақ болуға шақырады.
Бизнес субъектілері санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздіктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі қажет.