06 қаз, 2024 сағат 18:22

Алматыдағы перзентханалардағы дауыс беру: азаматтық парыз және жаңа өмірдің басталуы


Алматы қаласындағы алты перзентхана мекемесінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум аясында дауыс беру өтті.

454 босанған және жүкті әйелдер азаматтық белсенділік танытып, рефендумнан шет қалмады.


14:00-ге дейін осы перзентханаларда 43 нәресте дүниеге келді, ал бүкіл ел бойынша референдумға Қазақстан азаматтарының 51,77%-ы дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы қаласында барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.