25 қар, 2021 сағат 17:25

Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды


Алматы метросы «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі. 

«Енді метрополитен желісі Қалқаман елді мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. Қосымша екі станция салынады, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді Серік Құсайынов. 

Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.