Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала маңында Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік желісін салу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әкімнің айтуынша, ол бұл жобаны Үкіметке 2019 жылы ұсынған. Жоба ҚТЖ-мен пысықталған, алайда ҚТЖ-да да, қала бюджетінде де қажетті қаражат болмаған. Әкімдік осы жобаға қызығушылық танытқан жеке инвесторды тапты.
"Электр пойызды Талғардан Halyk Arena-ға дейін жеңіл рельсті базада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мүмкін инвестор Талғар мен екі ортада өзі үшін қандай да бір база салатын шығар, ал біз бұл көлікті субсидиялаймыз. Талқылау барысында инвестор "Алматы 2" вокзалына дейін жеткізу туралы ұсыныс тастады. Оның вокзал маңында ғимараты бар, онда біз депо жасаймыз, сонда Талғардан бірден "Алматы 2" вокзалына өтуге болады. Егер тар табанды емес, кең табанды жол жасасақ, онда пойыз ҚТЖ рельстерімен "Алматы 1" бектіне де жете алады. Біз бұл желіні Толе би бойындағы LRT жобасымен ЖЭО-ға қосу идеясы бар екенін ұсындық, оны ұзақ талқыладық. Олардың сарапшылары осы жобаны қарап, келісті", - деді Алматы әкімі.