22 шіл, 2021 сағат 11:13

Алматыдағы көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды


Алматы тұрғындарына жылу желілерін сынақтан өткізу орындарында көлік қоюға болмайтыны ескертілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылдың 22 шілдесі мен 11 тамызы аралығында таңғы сағат 3-тен 8-ге дейін Алматының сегіз ауданының аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау кезінде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарынан сақтық шараларын сақтау және оларды өткізу орындарында автокөліктерді тұраққа қоюдан уақытша бас тартуды сұраймыз», - деп хабарлады қала тұрғындарына «Алматы жылу желілері» ЖШС. 

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі (көшелер бойынша): 

22-27 шілде

Түрксіб ауданы: Сейфуллин– Бехтерев – Кассин – Айбасов; 

26 шілде 

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Шагабутдинов – Тимирязев – Розыбакиев. 

27 шілде 

Алатау аудан: Аққайнар кенті – Мәмбетов –БАК-тың оңтүстік жағы; 

Алмалы және Жетісу аудандары: Абылай хан – Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Тобаяков – Сейфуллин. 

27- 28 шілде 

Әуезов аудан: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи. 

27- 30 шілде 

Бостандық ауданы: – Асқаров –«Алматы» санаторийі – Сайын – әл-Фараби – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – Ганди – Назарбаев – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ санаторийі. 

28 шілде 

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Варламов – Жандосов – Айманов; 

Алмалы және Медеу аудандары: Сейфуллин – Тобаяков – Назарбаев – Маметова – Уәлиханов – Әйтеке би; 

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова. 

29 шілде 

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко –Желтоқсан – Сәтпаев – Байтұрсынов; 

29-30 шілде 

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Үлкен Алматы өзені – Рысқұлбеков – Сайын; 

30 шілде 

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбакиев; 

2 тамыз 

Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтпаев– Чайковский; 

Алмалы және Жетісу аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин –Гайдар – Қарасай батыр. 

3 тамыз

Алмалы, Жетісу және Медеуский аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелді – Райымбек – Куратов – Гоголь. 

3-4 тамыз 

Алатау, Алмалы және Әуезов аудандары: Рысқұлов – Гайдар – Яссауи – Абай. 

4 тамыз 

Алмалы ауданы: Райымбека – Тлендиева – Розыбакиева – Кулымбетова; 

Жетісу ауданы: 1, 2, 3, 4 Айнабұлақ шағын аудандары, Көкмайса шағын ауданы; 

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені– Гоголь. 

5 тамыз 

Алатау ауданы: Мөңке би – Б.Момышұлы – Ф.Оңғасырсынова –Зерделі шағын ауданы; 

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Глазунов – Тихий – Жансүгіров, Ратушный, Құлагер шағын ауданы. 

5-6 тамыз 

Алмалы ауданы: Төле би – Абай –Әшімов – Гайдар. 

6 тамыз 

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Төле би – Кәрімов – Масанчи. 

11 тамыз 

Наурызбай ауданы: Жуалы – Сәбденов –Жақыбаев –Тарғап. 

«Аталған аумақтардың контурларында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілері жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалы учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі», - деп атап өтті компания.