Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шаралары қандай жағдайда алынатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Оның айтуынша, басты міндет- халықтың иммундық қабатын қалыптастыру.
«Біздегі шектеу шараларын алып тастау үшін, тұрғындардың 70-80%-ы вакцина алуы керек. Тек сол кезде біртіндеп шектеу шараларын алып тастай аламыз», - деді Бекшин.
Сонымен қатар, ол қазір Алматы «қызыл» аймақта, жағдай шиеленісіп тұрғанын атап өтті.