01 шіл, 2021 сағат 21:04

Алматыдағы Қапшағай көпірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды


Қапшағай көпірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесін жас қыздар тауып алған.

«Көпірдің қасынан өтіп бара жатқан патрульдік экипаж қызметкерлері қыздардың шошып жүгіріп бара жатқанын байқап қалады. Олар тоқтап не болғанын сұраған. Қыздар полицейлерге ер адамның денесі жатқан жерді көрсетті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы ер адамның тұрғылықты жері жоқ, шамамен 45-50 жаста екенін анықтады. 

Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.

Өлімнің себебін анықтау үшін ер адамның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.